Алматыда демалыс күндері Төле би көшесінің екі учаскесінде жол жабылады, деп хабарлайды «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметі.
«5 шілдеде сағат 22.00-ден 9 шілде 6.00-ге дейін Өтеген батыр мен Төле би көшелерінің және Чокин мен Төле би көшелерінің қиылысында жол жабылады», - делінген хабарламада.
«Уақытша шектеулер осы көшедегі магистраль құбырды жоспарлы ауыстырумен байланысты. Алматы инженерлік желілерін қайта жаңарту – тозған құбырларды заманауи құбырларға ауыстыруды қарастыра отырып, қалалық жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысындағы тәуекелдерді азайту үшін қажет», - делінген хабарламада.
Алматылықтар мен қала қонақтарын бұл қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, аталған учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұрайды.