Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин алдын ала келісім бойынша пара берді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Мой город» порталы.
Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, қалалық арнайы мамандандырылған тергеу соты Мұғалжар ауданының әкім орынбасары Ғалым Қобландинді қамауда ұстау жөніндегі өтінішті қанағаттандырған.
«Ол ҚР қылмыстық кодекстің 28 бабы және 367 бабы («Пара беру») яғни уәкілетті тұлғаға мемлекеттік функцияларды орындауға адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы пара берді деп күдіктеліп жатыр. Әкім орынбасары екі айға қамауға алынды», - деп түсіндіріп өтті облыстқы соттан.
Айта кету керек, әкім орынбасары қызметінде Қобландин небәрі бір жарым жыл ғана жұмыс істеген.
Ол ішкі саясат, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаға жауап берген.