Құрамында калория аз болғандықтан, жеміс артық салмақпен күресуге көмектеседі. Сондай-ақ құрамында су болуына байланысты аса тойымды, дейді диетолог Дана Эллис Ханнес.
Оның айтуынша, жеміс ағзада, әсіресе, қарында май түзілуін ұлғайтатын қабыну процестерімен күресуге көмектеседі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Мамандар ең алдымен алма, грейпфрут, авокадо мен қарбызды көптеп жеуге кеңес берді. Алма ішек микрофлорасына жағымды әсер етіп, артық салмақтың жиналуына алып келетін қабыну деңгейін төмендетеді. Диетологтар грейпфрутты да іштегі маймен күресуде тиімділігі жоғары жеміс деп атады.
"Антиоксиданттардың көп мөлшеріне байланысты грейпфрут семіздікпен күресудің тиімді құралына айналуы мүмкін", - деді дәрігер Бриттани Любек.
Кешкі ас ішер алдында жарты грейпфрут жеу арқылы артық салмақтан арылуға болады. Алайда ол үшін бұл жемісті тұрақты тұтыну қажет.
Сонымен қатар Любек авокадо жеуге кеңес берді. Себебі құрамындағы жасұнық пен моноқаныққан майдың үлкен көлеміне байланысты бұл жеміс ішек жұмысын жақсартып, арықтауға ықпал етеді.