Ауа райының нашарлауына байланысты Алматы қалалық полиция Департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамын. Жауын-шашын мен көктайғақ қаладағы жол жағдайын айтарлықтай қиындатады: кептеліс пайда болып, көліктің қозғалысы нашарлайды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл құбылыс жол қозғалысына қатысушылардың нашар тәртібінен туындайды: кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдайлар және қауіпті маневрлер жасайды, бір-біріне құрметпен қарамайды, жаяу жүргіншілер жүруге болмайтын жерден жолды кесіп өтеді. Осы факторлар жалпы жол жағдайына кері әсерін тигізеді, - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Құлбаев.
Сондай-ақ полиция жолдың қателікті кешірмейтінін еске салды. Жол қозғалысы ережелерін сақтау – сіздің және жақындарыңыздың өмірінің қауіпсіздігінің кепілі!
Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз: СҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды