Зейнетақы жинағын алу: өтінім берушілердің шотына 63 млрд теңге аударылады

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz
Қордың осы күндерге жасаған талдауы көрсеткендей, өтінімдерді қабылдамаудың негізгі себебі (86% - дан астам) өтініште көрсетілген сұратылып отырған сома зейнетақы жинағынан алуға қолжетімді сомадан асып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

28 қаңтарда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Отбасы банкінен жалпы сомасы шамамен 103,1 млрд теңгеге 4 426 өтінім келіп түсті. Келіп түскен барлық өтінім сол күні қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жалпы сомасы 17,2 млрд теңгеден астам 3 151 өтінім (немесе 71%) өңдеуге қабылданды. Бұл сома кейінгі 5 жұмыс күні ішінде салымшылардың Отбасы банкіндегі арнайы шотына аударылады. Аударымның орташа сомасы 5,45 млн теңгені құрайды. 1 275 өтінімді (29%) БЖЗҚ заңнама талаптарына сәйкес келмегендіктен қабылдамады», – делінген хабарламада.

«Қазақстан халық банкінде» өтінім қабылдау басталды. 28 қаңтарда осы уәкілетті оператордан 16,64 млн теңге сомасына 2 өтінім келіп түсті, оның ішінде 8,3 млн теңге сомасына бір өтінім өңдеуге қабылданды, екінші өтінім қайталап берілгендіктен қабылданбады.

«25-28 қаңтарда, яғни БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан түскен өтінімдерді қарау басталған төрт жұмыс күні ішінде келіп түскен барлық өтінімдер сол күні-ақ кідіріссіз қаралды. Бұл ретте төлемдерді жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 168,2 млрд теңгеге жуық 30 391 өтінім жұмысқа қабылданды. Өтінімнің орташа сомасы шамамен 5,5 млн теңге», – делінген хабарламада.

Қордың осы күндерге жасаған талдауы көрсеткендей, өтінімдерді қабылдамаудың негізгі себебі (86% - дан астам) өтініште көрсетілген сұратылып отырған сома зейнетақы жинағынан алуға қолжетімді сомадан асып кеткен.

«13%-дан астамы сұралып отырған соманы өңдеуге қабылданған өтініші бола тұра осы өтінішті қайта жіберген. Кейбір өтінімді БЖЗҚ-да жинағы жоқ адамдар немесе біржолғы зейнетақы төлемін алуға құқығы жоқ салымшылар берген. Қандай да бір себеппен (толтыру кезіндегі қателер, дұрыс көрсетілмеген сома, төлеуге қолжетімді соманың өзгеруі және т. б.) біржолғы зейнетақы төлемін алуға арналған өтінімін қанағаттандырудан бас тартылған салымшылар осы кемшілікті түзетіп уәкілетті операторға қайтадан өтінім беруіне болады», – делінген хабарламада.

Новости партнеров