|
20.06.2022 | 10:38
1399

Бурабай мен Марқакөл ЮНЕСКО биосферлық резерват желісіне кірді

Бүгінгі таңда дүниежүзілік биосфералық резерват желісіне әлемнің 131 елінің аумағында орналасқан 738 биосфералық резерваты кіреді

Бурабай мен Марқакөл ЮНЕСКО биосферлық резерват желісіне кірді Рhoto: Оrtcom.kz

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО биосферлық резерваттар желісіне кірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

«13-17 маусым аралығында гибридтік форматында өтіп жатқан «Адам және биосфера» ЮНЕСКО бағдарламасының Халықаралық үйлестіру кеңесінің 34-ші сессиясы шеңберінде «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (Ақмола облысы) және Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы (Шығыс Қазақстан облысы) ЮНЕСКО-ның биосфералық резерватының жаһандық желісіне қосу туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Сессия жұмысына ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, ҚР ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігінің дипломаты, «Адам және биосфера» жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы Роман Ященко және оның орынбасары Виктория Ильина қатысты.

МАБ Халықаралық сараптамалық кеңесі Қазақстандық ұлттық комитеті ұсынған құжаттарын зерделеп, ұсынылған объектілердің «Адам және биосфера» ЮНЕСКО бағдарламасының өлшеміне сәйкестігін бағалай отырып, шешімді қабылдаған.

Анықтама: ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттары - бұл жерүсті және жағалаудағы/теңіз экожүйелерінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтары немесе ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы шеңберінде халықаралық деңгейде танылған осындай экожүйенің үйлесімі болып табылады. Оның негізгі мақсаты - қоршаған ортаға зиян келтірместен адам мен табиғаттың тұрақты байланысын құру және болашақ ұрпақ үшін табиғи байлықты сақтап қалу. Бүгінгі таңда дүниежүзілік биосфералық резерват желісіне әлемнің 131 елінің аумағында орналасқан 738 биосфералық резерваты кіреді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир