Қазақстанда 28 маусым күні Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі аталып өтетін болады. Үкіметтің тиісті қаулысы жарияланды.
«Үкіметтің 2017 жылдың 31 қазанындағы қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі тиіс. 17 мамыр – Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні, ал 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі», - деп жазылған қаулыда.
Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің кәсіби мерекесін бекітуді тапсырған болатын.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын заң қабылдау керектігін айтты.
Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма бердім. Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 24 июня 2019 г.