|
20.02.2019 | 10:43
8385

Елімізде көкөніс бағасы күрт қымбаттады

«Қысқы» ұзақ сақталатын көкөністер - картоп, сәбіз, үрме бұршақ бағасы бір айда 1 пайызға өсті

Елімізде көкөніс бағасы күрт қымбаттады Zakon.kz

Қазақстанда қияр мен қызанақ бағасы шарықтап кетті, деп хабарлайды Energyprom.

2019 жылы қаңтарда маусымдық емес жаңа көкөністерге - қияр (бір айда+20,4 пайыз) және қызанақ (+17,3 пайыз) бағасы айтарлықтай өсті. Сондай-ақ, қырыққабат (+4,8 пайыз), сарымсақ (+4,4 пайыз) және пияз (шамамен +3 пайыз) бағалары да өсті.

«Қысқы» ұзақ сақталатын көкөністер - картоп, сәбіз, үрме бұршақ бағасы бір айда 1 пайызға өсті. Тек қызылша бағасы төмендеді. Жеміс-жидектер арасында банан - бір айда 2,9 пайызға қымбаттады, ал алма мен лимонның бір айда 1 пайызға арзандады.  

Мал өнімдері бір айда бағасы өзгерген жоқ. Биыл ақпанда құс фермаларының өнімдерінің бағасы 2 пайызға өсті. Сүт өнімдерінің бағасы бір айда 1 пайызға төмендеді. Мұндай көрсеткіш ет пен балық өнімдерінен де байқалады.

Биыл қаңтар айының қорытындысы бойынша жарманың бағасы бір айда 2 пайызға, ал макарон өнімдерінің бағасы 1,5 пайызға төмендеді. Нан өнімдері мен бұршақтар сегментінде тек жоғары сұрыпты бидай наны (бір айға+0,9 пайыз) бағада аз ғана өсті, басқа өнімдер арзандаған.

Сондай-ақ, ұн бағасы 1 пайызға төмендеді.  Бір айда бакалея өнімдерінен маргарин 1 пайызға қымбаттады, ал қант керісінше, 1 пайызға арзандады. Сусындар арасында бағаның айтарлықтай ауытқуы байқалмады: арақ айына 0,8 пайыз, ауыз су - тек 0,3 пайызға қымбаттаған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир