Алматыда полиция автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты

elements.envato.com
elements.envato.com
Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Мамандандырылған күзет қызметінің қызметтік көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- Үйімнің терезесінің алдында көлік апаты болды. Үлкен полиция автобусы жеңіл көлікті соқты. Келген полицейлердің сөзінше, жеңіл көлік сарыға өтіп жатқан, ал полиция автобусы орнынан ерте қозғалған. Абырой болғанда жүргізуші жігіт жарақат алса да, аман қалды, - деп жазды оқиға куәгері Евгений Мұхамеджанов.

Алматы қаласы Полиция департаменті жол-көлік оқиғасының мән-жайлары анықталып жатқанын хабарлады.

- Бүгін таңғы сағат 07:40-та Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында болған Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметтік көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды. Оқиға салдарынан «Сузуки» көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайлары анықталуда, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Көлік иесі 2 миллион теңгеге жол ережесін бұзды

Новости партнеров