|
01.08.2024 | 10:33
265

Көлік иесі 2 миллион теңгеге жол ережесін бұзған

Алматыда ірі көлемде айыппұлы бар борышкер анықталды

Көлік иесі 2 миллион теңгеге жол ережесін бұзған polisia.kz

Алматыда 2 миллион теңге көлеміндегі айыппұлын төлемеген жол ережесін өрескел бұзушы ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселе мамандандырылған батальон мен жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері ұстаған Toyota Alphard көлігінің иесі туралы болып отыр. Бұл құқықбұзушылықтар қаланың бейнежүйелері арқылы тіркелген. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. 

Бұрын хабарланғандай, Алматы полициясы жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көлік құралдарына арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан, көлікті мас күйінде басқарған және төленбеген айыппұлдары бар көлік жүргізушілерін анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде.

Оқи отырыңыз:Алматыда 800-ден астам көлік айыппұл тұрағына қойылған

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир