Тараздағы жарылыста зардап шеккен сәбиге ота жасалып жатыр

27.02.2019 15:46

Кәмелетке толмаған бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілген

nur.kz

Тараздағы тұрғын үйде орын алған жарылыс салдарынан кішкентай бала бас жарақатын алып қалған, деп хабарлайды NUR.KZ.

Кәмелетке толмаған бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Қазіргі уақытта оған ота жасалынып жатыр.

Айта кетейік, жарылыс бүгін таңертең болған. Төтенше жағдайда әзірге екі адамның қаза тапқаны мен төрт тұрғынның зардап шеккені белгілі. Қазіргі таңда президенттің тапсырмасымен комиссия құрылды.