|
18.10.2019 | 10:49
2007

«6 әйел ер адамға ауысты»: соңғы үш жылда 10 алматылық жынысын ауыстырған

Ал төрт ер адам жынысын әйелге ауыстырған

«6 әйел ер адамға ауысты»: соңғы үш жылда 10 алматылық жынысын ауыстырған

2017 жылдан бері Алматыда 10 адам жыныс ауыстыруына байланысты жаңа куәлік алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Әділет департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің ресми өкілі Әсемгүл Батыргерееваның айтуынша, жынысын ауыстырған 10 адамның ішінде 4 ер адам жынысын әйелге, ал 6 әйел адам жынысын ер адамға ауыстырған.

Сондай-ақ, департаменттегілер жыныс ауыстырғандардың құжат алу тәртібін айтып өтті.

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 257-бабының 13-тармағында жыныс ауыстыру тәртібі көрсетілген. Жеке куәлікті ауыстыру үшін АХАЖ бөліміне барып, жыныс ауыстырғаны туралы акт толтыру қажет", - дейді Батыргереева.

Оның айтуынша, жыныс ауыстырғанда жаңа құжат алу уақыты әдеттегі құжат алу уақытымен бірдей.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир