Медеу ауданы әкіміне сұрақ жолдау басталды

Сауалдар 6 маусым сағат 15:00-ге дейін жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

6 маусым күні «Алматы» телеарнасындағы «Әкіммен ашық әңгіме» жобасында Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов тікелей эфир арқылы тұрғындардың сауалына жауап береді. Телебағдарлама кешкі сағат 19.30-да басталады.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкіміне қоятын сауалдарын бір апта бойы телеарнамыздың ресми сайтына жолдай алады. Ең көп дауыс жинаған 5 сауалға тікелей эфир кезінде Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов өзі жауап береді. Қалған сұрақтарға әкім 10 күн ішінде жазбаша жауап қайтарады.

Айта кеткен жөн, сауалдарды 6 маусым сағат 15:00-ге дейін жолдауға болады. Үлгермеген жағдайда тікелей эфир кезінде +7 (727) 334 00 24 байланыс нөміріне қоңырау шалып немесе WhatsApp мессенджеріне (+7 777 046-33-33) хабарлама жібере аласыздар.

Новости партнеров