Газобетон блоктарын өндіртеін зауыттан диамметрі 150 сантиметр, ұзындығы 10 метрден асатын алып құбыр қысымнан 300 метр жерге ұшып кеткен. Таңғы сағат 11 шамасында орын алған жарылыстан бірнеше машина қирап қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Зымыраған алып құбыр жолындағының бәрін жапыра барып, балабақшаның ғимаратына соғылып бірақ тоқтаған. Ауылдың арасында зауыт ашып, техникалық талаптарды сақтамаған зауыт иелерінің үстінен іс қозғалды.
«Құбыр тұрған жерінен ұшып, арғы жақтағы балабақшаның касына барып түскен. Қайта абырой болғанда, демалыс. Ал егер жұмыс күні болғанда, не болатынын елестете де алмаймын», - деді Ақтоты ЫСҚАҚОВА.
Жарылыс салдарынан зауытта жұмыс істеген 1961 жылғы жұмысшы қаза тапқан. Ал бүгін таңертең тағы бір зардап шеккен азамат ауруханада көз жұмды. Басқа зардап шеккендер аудандық емханада жатыр.