Елорданың білім басқармасы балаларды балабақшаға әкелмеуге шақырды

inform.kz
inform.kz
"Құрметті ата-аналар, сақтық шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!" деп жазылған хабарламада
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елорданың білім басқармасы ата-аналарға мүмкіндік болса балаларды балабақшаға әкелмеуге кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды!

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың 11 наурызында коронавирусты пандемия деп жариялады. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирусты болдырмау және таратпау мақсатында ҚР Үкіметі жанындағы комиссия алдын алу шараларын күшейтуде. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы орта білім беру мекемелерінде (мемлекеттік және жеке меншік мектептер) вирустың алдын алу мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін оқушыларға демалыс жарияланды. Қосымша білім беру ұйымдары да (үйірмелер) демалыс уақытында жұмысын тоқтатады. Осы уақыт ішінде колледж студенттері қашықтықтан оқытылатын болады» делінген хабарламада. Сондай-ақ, басқарма балабақшалар бұл кезеңде жұмыс істейтінін хабарлады. Алайда ата-аналарға мүмкіндік болса балаларды балабақшаға әкелмеуге кеңес берді. Ата-аналарға мүмкіндік болса балаларды үйде қалдыруға кеңес береміз. «Балабақшалар жұмыс істейді. Ата-аналарға мүмкіндік болса балаларды үйде қалдыруға кеңес береміз. Құрметті ата-аналар, сақтық шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!» деп жазылған хабарламада.

Новости партнеров