|
14.07.2020 | 10:53
4933

Қазақстанда карантин 2 тамызға дейін ұзартылды

Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді

Қазақстанда карантин 2 тамызға дейін ұзартылды  buizness-fm

Қазақстанда карантин 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Қатаң карантиндік шектеу шараларының екінші аптасы өтіп жатыр. Вирустың таралуына қатысты жағдай күрделі. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды одан әрі тұрақтандыру үшін елде шектеу шараларын тағы 2 аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдап отырмыз», – деді Мамин үкімет отырысында.

Премьер барша қазақстандықты карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдіктер мен мүдделі мемлекеттік органдарға карантинді одан әрі сақтау үшін барлық шараны іске асыруды тапсырды.

Үкімет басшысы дәрі-дәрмектің қажетті қоры бар екенін және үнемі толықтырылып отыратынын атап өтті.

«Оларды дәріхана желілері мен стационарларға нақты бөлу бойынша барлық шараны қамтамасыз ету қажет», – деп мәлімдеді Мамин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир