|
19.08.2022 | 10:56
9481

Мәслихат депутаты Алматыда қоғамдық орында түкіретіндерді жазалауды ұсынды

Депутат қала тұрғындарын бастаманы қолдауға шақырды

Мәслихат депутаты Алматыда қоғамдық орында түкіретіндерді жазалауды ұсынды sslazio.ru

Алматы қалалық мәслихат депутаты, белгілі журналист Сергей Пономарев қазақстандықтар үшін маңызды, бірақ БАҚ-та сирек жарияланатын мәселе туралы жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бұл туралы күнделікті өмірде жиі айтамыз. Ашуланамыз, мәдениеттілікке шақырамыз. Алайда адамдар көлік, автобус терезесінен, қоғамдық орындарды, балалар алаңында, тіпті тротуарда түкіруін қояр емес. Бұл мәдениетсіз әдет тек жағымсыз және жиіркенішті ғана емес, денсаулыққа да қауіпті. Эпидемиологтардың пікірінше, түкіру көптеген аурудың көзі саналады. Адамның кептірілген сілекейінде герпес, қызамық, туберкулез, гепатит, пневмония болуы мүмкін», - деп жазды Сергей Пономарев.

Айта кету керек, бұл мәселе тек Алматы қаласы мен еліміздің тұрғындарын ғана емес, басқа мемлекеттердің азаматтарын да алаңдатып отыр.

2019 жылы Қырғызстанда Құқық бұзушылық кодексі күшіне енді.  Онда қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салынған. Алғашқылардың бірі - полиция қызметкеріне айыппұл салынған. Оның бұл әрекеті видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Үндістанда, Қытайда және Сингапурда да мәселеге қатысты тиісті іс-шаралар қолданылады.

«Сайранда, Атакентте, тіпті Панфиловтың орталық жаяу жүргіншілер көшесінде де алматылықтар әдепсіз қылығын тыймайды. Қонақтардың алдында ұяласың. Әкімдіктің айтуынша, биыл туристер саны 2,5 есеге өсті. Қазақстанның мәдени астанасы  әлемге несімен танылады? Тротуарлардағы кеуіп қалған түкірікпен бе? Менің ойымша, әдеттен арылу керекпіз», - деді Сергей Пономарев.

Журналист депутат әріптестеріне және қала әкімдігіне шұғыл түрде қоғамдық орындарда қосымша тәртіп ережелерін әзірлеп, түкіруге ғана емес, темекі тұқылын, қоқыс, пісте, сағыз лақтыруға да тыйым салып, мұны заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынды.

«Барлық жанашыр азаматтарды осы бастаманы қолдауға шақырамын, қаламызды сүйетінімізді сөзбен емес, іспен көрсетейік!» - деді Сергей Пономарев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир