Семейде бойжеткен қызғаныштан жігітінің басын бөтелкемен жарған

ТВ Центр
ТВ Центр
Ер адамға жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, сол жақ төбе аймағының жарақаты және құлақ жарғағының жарылуы диагнозы қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семейдің 24 жастағы тұрғыны қызғаныштан жігітін соққыға жыққан, деп хабарлайды Аltaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жезкент елді мекенінің 33 жастағы тұрғынын жедел жәрдем көлігі хирургия бөліміне жеткізген. Ер адамға жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, сол жақ төбе аймағының жарақаты және құлақ жарғағының жарылуы диагнозы қойылды.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Тергеу барысында жарақатты қызғаныштан таныс бойжеткеннің шыны бөтелкемен ұру арқылы жасағаны анықталды», - деді Семей қаласының ІІБ-нің баспасөз қызметінің басшысы Елубек Оспанов.

Қазіргі уақытта бойжеткен тұтқындалып, сынған әйнектер заттай дәлел ретінде алынды. Аталмыш фактіге қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



Новости партнеров