|
17.04.2019 | 10:57
10888

Алматы қалалық прокуратурасында тағайындаулар болды

Назначены заместитель прокурора города и прокурор Медеуского района

Алматы қалалық прокуратурасында тағайындаулар болды  almaty.prokuror.gov.kz

ҚР Бас прокуратурасының бұйрығымен Алматы қаласы прокурорының орынбасары болып Нұрсұлтан Рақышев, Медеу ауданды прокуроры болып Асхат Жақыпов тағайындалды, деп хабарлайды Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Рақышев 1984 жылы туған. 

Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы Астана прокуратурасы басқармасынан бастаған.

Әр жылдары ҚР Бас прокуратурасының департамент бөлімінің прокуроры, басқарманың бас прокуроры, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі болып қызмет еткен.

2017 жылғы шілдеден бастап ҚР Бас прокуратурасының Ресей Федерациясындағы өкілі болған.

Жақыпов Асхат 1977 жылы туған.

Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Алматы прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы бөлімінің бас маманы болып бастаған.

Әр жылдары Медеу, Жетісу аудандары прокурорларының орынбасары болып қызмет еткен. 2018 жылдан бастап Алматы прокуратура басқармасының басшысы болып істеген.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир