|
17.04.2019 | 11:48
11330

Түркістан облысында өгей шеше үш қызына ине тығып, тоңазытқышқа қамап қойған

Қыздардың өгей анасы полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өгей шеше үш қызына ине тығып, тоңазытқышқа қамап қойған

Түркістан облысы Жетісай ауданында  өгей шеше қыздарына қорлық көрсеткен бейнежазба тарады. Бұл туралы әлеуметтік желі белсендісі Әсет Әссанди өзінің Фейсбуктегі парақшасында жариялады. Айтуынша, бір үйдің үш қызына өгей шешелері ине тығып, тоңазытқышқа отырғызып қойған.

Апалы-сіңлілі - Салима, Мәншүк, Милананың көрмеген қорлықтары қалмапты. Өгей шешелері Жұлдыз Көбееваның жауыздығы тіпті фашистерден де асып түскен сияқты. Ол әлі оң-солын танымаған қыздарының тырнақтарының астына ине тығып, ұрып-соғып тоңазытқышқа қамаған. Денелеріндегі көгерген жерлері мен жарақат іздері ұрып-соққанынан да хабар береді.  Тіпті жыныстық мүшелеріне де зақым келтіргені анықталған.  

Бұл ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігі де растап, Істі ҚР Бас прокуратурасы, ПД, БҒМ өз бақылауына алды.

Алғаш бұл істің ашылуына қыздардың бірінің мұғалімі себепкер болған. Ол оқушысының денесінен көгерген жерлер мен соққылардың ізін байқап, дереу полиция шақырған. Қазір қылмыстық іc қозғалды. Қыздың өгей анасы полицияға жеткізілді.

«Түркістан облысының білім басқармасы баланың үйде азап шеккенін растады. Қазір қыз бала әжесімен тұрып жатыр», - делінген министрлік хабарламасында.

Министр Күләш Шәмшидинованың тапсырмасымен бүгін министрдің кеңесшісі Раиса Шер Түркістан облысына аттанды.

Айта кетейік, Түркістан облысы Полиция департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 147-бабы «Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу» бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир