Алматы облысында 25 жастағы жігіт жанып жатқан үйден үш баланы алып шықты

 BNews.kz
BNews.kz
Дәрігерлердің мәліметінше, ерлік жасаған азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында 1994 жылғы Алмас Ризабеков отқа оранған үйден үш баланы алып шыққан. Қазір  жас жігіттің  аяғы тілініп, Ескелді ауданының орталық аудандық ауруханасында ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін Ескелді ауданындағы Қарабұлақ ауылында болған. Жанып жатқан үйден  балалардың айқайлаған дауысын естіген жігіт бірден көмекке ұмтылған.

«Өрт сөндіру бөлімшесі келгенше жігіт өртеніп жатқан үйдің терезелерін сындырып,  балаларды сыртқа алып шыққан. Үйде 2005, 2017 және 2012 жылғы туған балалар болыпты. Оқиға орнына жеткен кезде өрт сөндірушілер ас үй мен тұрғын үйдің кіреберісі отқа оранып жатқанын көреді. Тілсіз жау жарты сағатта сөндірілді. Алаулаған өрт  27 шаршы метр жерді шарпыған. Болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған», – деп мәлімдеді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Дәрігерлердің мәліметінше, ерлік жасаған азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Ескелді ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тілсіз жаудан аман қалған  балаларды туысқандарына тапсырды.

Новости партнеров