Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылыс компаниялары басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Құрылыс компаниялары басшыларымен кездестім. Басты мәселе – ескі үйлерді сүру мәселесі талқыланды. Бұл – басымдық берілген бағыттардың бірі. Оңтайлы шешім іздейтін боламыз», – деді Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында.
Сонымен қатар, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев белсенді құрылыстың қарқыны әлеуметтік нысандардың, инфрақұрылымның дамуымен қатар жүруі тиіс екенін айтты. Халыққа мектеп, аурухана, балабақша қолжетімді қашықтықта болуы керек.
Құрылыс ұйымдарының басшыларымен кездестім. Басты мәселе — ескі үйлер проблемасын қалай шешеміз. Бұл менің негізгі міндеттерімнің бірі. Оңтайлы жолдарды іздейтін боламыз.
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) 9 июля 2019 г.