Қазақстан бойынша 8 ақпанда дабыл жүйесі іске қосылады

Almaty.tv
Almaty.tv

Өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылғы 8-9 ақпанда елімізде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Ақтөбеде орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.

Сонымен қатар, «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2024 жылғы 8 ақпанда сағат 12.55-де (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда лай көшкіні жүрді: бір адамның мәйіті табылды

Новости партнеров