Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша белгілі болған ақпаратқа сәйкес, Алматыдағы лай көшкіні болған жерде жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеуде. Қаза болғандардың туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.
Алматы қаласы ТЖД және республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен топырақтың лайлануына байланысты техногендік сипаттағы лай көшкіні ғимаратты зақымдаған. Соның салдарынан қаза тапқан ер адамның денесі табылды.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Ақпарат толықтырылады. Тек ресми деректерге сенуді сұраңыз.
Оқи отырыңыз: Мегаполисте лай көшкіні тұрғын үйлерге жетті