Ақтөбелік мүгедек оқушы жүкті болып қалған

Ақтөбелік мүгедек оқушы жүкті болып қалған
Ведомство өкілінің айтуынша, қыздардың бірі Алматыдан жүкті болып оралған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде үш оқушы қыз жүкті болып қалған. Бұл туралы мектептердің инспекторлары, мұғалімдер мен директорларының таяуда өткен жиналысында белгілі болды, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Үш қыз үш түрлі мектепте оқиды. Nur Otan партиясына қарасты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық кеңесінің төрағасы Мария Тажибаев сол мектептердің директорларына үн қатты.  

"Сіздер оқушылармен сөйлесіп тұрасыздар ма әлде кабинеттеріңізден шықпай табжылмай отыра бересіздер ме?. Бұрынғы кездері біз мектеп директорларына кез келген мәселемен шыға беруші ек. Мектеп директоры барлығын білуі керек", - дейді Мария Тажибаева.

Қалалық әкімдік өкілдері жүкті болған қыздардың зорлық құрбаны еместігін айтады: "Оқушылардың біреуі, 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі қыз анасымен Алматыға оңалтуға барған. Онда ол бір жігітпен танысқан, Ақтөбеге қайтқанда жүкті болғанын білген. Анасы да оны жүкті екенін білмеген".

"Бірінші кезекте осы қыздардың отбасымен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдердің ата-анасы өзара сөйлесіп, келісіп жатады. Мектеп қабырғасында жүріп, жүкті болған жағдайда ата-ананың өз міндетін дұрыс атқармауы бойынша комиссия отырысы болады", - деді әкімдік өкілдері.

Новости партнеров