Жетісу облысында жыл басынан бері жол-көлік оқиғасы бойынша 203 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Оның ішінде 67 қылмыстық іс бойынша адам өлімі орын алған, 19 іс мас күйінде көлік жүргізуге байланысты болды. Бұл ретте жүргізушілер көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. 17 шілде күні, бір тәулікте, жол-көлік оқиғалары бойынша 20 қылмыстық іс тіркелді», - деді ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары Айдос Есімбеков.
Мұның бәрі қалалық және аудандық жолдарда болады, себебі көліктер саны күннен-күнге артып келеді және көптеген жүргізуші жол ережелерін сақтамайды.
Ең қорқыныштысы – жол апатындағы балалар өлімі. Полиция жол қозғалысының барлық қатысушысын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Жол-көлік оқиғаларын алдын алу – бұл құзыретті органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.
«Сіздің зейініңіз бен жолдағы тәртіп көптеген адамның өмірі мен денсаулығын сақтай алады», - деп еске салды Айдос Есімбеков.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында өзенге ағып кеткен екінші баланың мәйіті табылды