Алматы әкімдігі ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға 250 000 мың теңгеден бөлді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Алматы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі №347 бұйрығына сәйкес ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне 250 мың теңгеден бір реттік әлеуметтік көмек қарастырылған», - делінген хабарламада.
Қалада тұрып жатқан 267 ҰОС ардагеріне 66 750 000 теңге бөлінді. Ал одан басқа санаттағы азаматтарға төлем төмендегідей болмақ.
ҰОС ардагері мен мүгедектеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген азаматтарға - 50 мың теңге, соғыста көз жұмған немесе жоғалып кеткен сарбаздардың жесірлеріне -50 мың теңге, Ауған соғысы кезінде қайтыс болған, ауыр жарақат алған, жоғалып кеткен сарбаздардың қайта тұрмыс құрмаған жесірлері мен ата-анасына 50 мың теңге беріледі.