|
06.05.2019 | 11:27
3382

«Қайғыға ортақпын»: Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге көңіл айтты

Салонда 78 жолаушы мен экипаж мүшелері болыпты

«Қайғыға ортақпын»: Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге көңіл айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шереметьево әуежайында болған қайғылы жағдайға байланысты Ресей президентіне көңіл айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

«Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы қайғылы жағдайға байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдадым. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақпын», – деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, 5 мамыр күні Мәскеуден Мурманскке ұшып шыққан «Аэрофлот» әуекомпаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы бортта туындаған ақауларға байланысты Шереметьево әуежайына қайтып келуге мәжбүр болған. Қону кезінде әуе кемесінде өрт шыққан.

Салонда 78 жолаушы мен экипаж мүшелері болыпты. РФ Тергеу комитетінің мәліметінше, 41 адам көз жұмған.

Осыған байланысты Мурманск облысының билігі аймақта қаралы күн жариялады. 

Mash Telegram-арнасы құрбан болғандар мен жоғалып кеткендердің тізімін көрсетті.

Кейінірек, Sukhoi Superjet 100-95B ұшағының өртенген сәті желіде пайда болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир