|
24.04.2019 | 11:21
1485

Жол апаты болашақ ана мен іштегі нәрестесін ажалдан құтқарды

Жол апатына түскен жүкті әйел қауіпті ауруға шалдыққанын білді

Жол апаты болашақ ана мен іштегі нәрестесін ажалдан құтқарды

Англия тұрғыны Хлои Грант құрсағындағы сәбиінің өмірін құтқарып қалды. Жол апатына түскен аяғы ауыр әйелді дәрігерлер қарап, аса қауіпті ауруға шалдыққанын анықтаған, деп жазады Гейтсхед қалалық басылымы sputniknews.kz.

Хлои Грант жүктілігінің алтыншы айында жеңіл-желпі жол апатына ұшырайды. Құрсағындағы нәрестесі үшін уайымдаған әйел ауруханаға барғанда, дәрігерлер болашақ ананың қауіпті дерт – преэклампсияға шалдыққанын анықтаған.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл ауру жүкті әйелдердің алты процентінде кезігеді. Және жүктіліктің 20-аптасында біліне бастайды.

Мамандар өзара кеңесіп, әйелге шұғыл кесар тілігін жасап, Амелией Роуз есімді қыз дүниеге келді. Мерзімінен бұрын жарық дүние есігін ашқандықтан, бөбектің салмағы небәрі 700 грамм болған, деп жазады басылым.

Ал қазір жаңа туған сәбидің әкесі Джек Фаррелден бақытты жан жоқ. Оның айтуынша, көлігіне «болар-болмас сызат» түскен апаттың арқасында әйелі мен қызы аман қалды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир