Республикада ағаш терезе мен есік өндірісінің көлемі 21,4%-ға артты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі stat.gov.kz-ке сілтеме жасап.
Ағаш терезе мен есіктердің, сондай-ақ олардың жақтаулары мен жабдықтарының өндірісі 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айындағы көрсеткішін 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,4% өсті.
Биыл тоғыз айда қазақстандық компаниялар 697,8 мың м2 терезе мен олардың жақтауларын, сондай-ақ есіктерді шығарды (2022ж. қаңтар-қыркүйек – 574,6 мың м2).
Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,6% өсті.
2023 жыл басынан бері (қаңтар-қыркүйек) құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 4 707,6 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 12,6% артық. Құрылыстың 87,3% жеке компаниялар, 12,5% - шетелдік және 0,2% - мемлекеттік компаниялар тарапынан орылдалған.
Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы еліміздің 19 өңірінде байқалды.
Ең жоғары өсім:
Маңғыстау облысы – 66,5%;
Жетісу облысы – 64,6%;
Абай облысы – 48%;
БҚО – 41,9%.
9 айда пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы ауданы 13 289,4 мың м2 құрады. Оның негізгі үлесі – 85,4% тұрғын үйлер. Осылайша, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ауданы 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 11,6% ұлғайып, 11 697,9 мың м2 құрады.
Олардың ішінде:
6 901,2 мың м2 – көп пәтерлі үй;
4 734,4 мың м2 – жеке үй.
Оқи отырыңыз: Көлік сатып алғанда жүрісін азайтып көрсеткенін қалай анықтауға болады