Көлік сатып алғанда жүрісін азайтып көрсеткенін қалай анықтауға болады

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Алданып қалмаудың бірнеше амалы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше еліміздегі жеңіл көліктер саны 4 миллион 472 мыңнан асты. Сондай-ақ әрбір екінші авто  20 жылдан аса қызмет еткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Алайда көлігін сатушы кейбір азаматтар темір тұлпарының жылы ескі болса да, жүрісін азайтып көрсетеді. Осындай жағдайда алданып қалмаудың жолы бар ма? 

Электронды одометрді артқа айналдыру оңай жұмыс. Оның нақты қаншалықты өзгергенін анықтаудың жолдары бар. Бірақ ешкім 100 пайыз кепілдік бермейді. 

Жүрісті азайтудың себебі тек сату ғана емес. Кейбір көлік модельдерде борттық компьютер белгілі бір шақырымнан кейін техникалық қызмет көрсету станциясына баруды талап етеді. Егер жүргізушіде жеткілікті қаражат болмаса одометр деректерін өзгерту оңайға соғады. Ал кейбір автомобильдерде жүріс саны бақылау тақтасын алып тастағаннан кейін ғана өзгереді. Басқа модельдерде бақылау тақтасын алып тастаудың қажеті жоқ. Компьютерді диагностикалық қосқышта спидометрдің сандарын қайтару жеткілікті. Бірнеше минутта нәтижеге қол жеткізесіз. 

Техникалық тексеру кітапшасына назар аудару керек

Пермиум көліктердің жүрісі жиі өзгереді. Сату кезінде оның жүрісін 100 мың шақырымға дейін төмендету 1 миллион теңгеге дейін пайда әкеледі. Егер көліктің одометрі 87 000 км көрсетсе, демек 187, 287 мың шақырым жүріп тастауы әбден мүмкін. Сонымен қатар, OBD-2 диагностикалық қосқышы арқылы ELM-327 сканерін тексеру нәтиже бермеуі мүмкін. Сол себепті жүрісті анықтауда жанама белгілер мен техникалық тексеру кітапшасына назар салу керек. Шеберлер қозғалтқыштың майын ауыстыру туралы соңғы мәліметтерді жазады. Сіз деректерді қызмет кітапшасынан көре аласыз. Егер соңғысынан бастап одометрдің көрсеткіштері жоғарыламаса немесе аз ғана өзгерсе бәрі белгілі болады.

Логикалық есеп

Қазақстандағы көліктердің көбі Армения мен Дубайдан жеткізілген. Ал көліктің жүрісін өзгерту әр елде бар. Өйткені темір тұлпар жеке адамға тиесілі болғандықтан жүрісті өзгерту заңмен реттелмейді. Алайда статистика бойынша әр көлік жылына 20-30 мың шақырым жүреді. Демек 5 жыл болған автоның жүрісі кемінде 100 мың, 8 жылдық  көліктікі 150 мың болуы керек. Бірақ адамдар көліктің одометрі 100 мыңнан асса сатып алудан бас тартады. Сол себепті кемі әрбір 4-көлікте бұралған километраж бар.  

Көліктің салонына қарау

Арнайы жабдықпен қарағанның өзінде электронды спидометрдің жүрісін 100 пайыз анықтау мүмкін емес. Бірақ бірқатар жанама белгі бар. Ең алдымен салонның күйін бағалаңыз. Орындықтардың, есік тұтқаларының, жылдамдықты ауыстыру тұтқасының, бақылау тақтасының түймелерінің тозуы көліктің жүрісінен хабар беріп тұрады. Былғары орындықтар 200 000 шақырымнан кейін жыртылуы немесе тесіктер пайда болуы мүмкін. Одометрдің көрсеткіштері аз болған кезде газ және тежегіш педальдарындағы төсемдер металға дейін тозбайды. Педаль төсемдерінің айтарлықтай тозуы 80-100 мың км-ден кейін ғана болады. Ал олардың барлығы арзан былғары мен резеңкеге ауысса демек көлік жүрісіне күмән бар деген сөз. 

Оқи отырыңыз: Бостандық ауданында бірнеше нысанға ыстық су мен жылу бірнеше сағатқа тоқтатылады

Новости партнеров