Таразда бөтеннің ақшасын өзіне аударып алған алматылық азамат ұсталды
Ол «мобильдік банкинг» қосымшасы арқылы телефон иесінің 41 000 теңгесін өз шотына аударған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Таразда «Hi-tech» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында бөтеннің ақшасын өз шотына аударып алған алматылық азамат ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол Тараз қаласындағы көлік жуу қызметін пайдалану барысында бөтен адамның ұялы телефонын алып, «мобильдік банкинг» қосымшасы арқылы жасырын түрде телефон иесінің 41 000 теңгесін өз шотына аударған.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34