Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы қандай – дәрігерлер жауабы

пресс-служба акимата г. Алматы
пресс-служба акимата г. Алматы
Дәрігерлер 2 науқас пен 1 баланың денсаулығы орта ауыр халде екенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырған тағы екі адамның тіркелгенін, сондай-ақ, 2 науқас пен 1 баланың денсаулығы орта ауыр халде екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

«Екі пациент бұған дейін осы індетті жұқтырған жандармен байланыста болған. Олардың бәрі стацинарда карантинде болған. Коронавирус инфекциясын анықтау және емдеу хаттамасына сәйкес ем-дом шаралары басталды. Екі пациенттің де жағдайы қанағаттанарлық», - деді ол тікелей эфирдегі брифинг барысында.

Тілеухан Әбілдаев сондай-ақ, қазір Алматы қаласының жұқпалы аурулар аурханасында 22 пациенттің, соның ішінде, балалар жұқпалы аурулар ауруханасында 2 бала мен ауру жұқтырған 1 ана жатқанын айтты. Ол екі науқастың, онын ішінде бір баланың денсаулығы орта ауыр халде екенін жеткізді. Қалған пациенттердің денсаулығы қанағаттанарлық.

«Бүгінде қаланың провизорлық госпитальдарында карантинде 660 азамат, ал үй карантинінде 1472 адам бар. Карантинге оқшауланған барлық азаматтың дене қызуы қалыпты деңгейде, катаральды құбылыстар жоқ»,   деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Айта кетсек, Қазақстандағы соңғы деректер бойынша Нұр-Сұлтан қаласында – 31 адам, Алматы қаласында – 25 адам, Қарағанды қаласында  – 2, Алматы облысында 1 адам, Ақтөбе облысында   1 адам, жалпы 60 науқас тіркелді.

Новости партнеров