Қала тіршілігі: қара жол мен көшелердің құрылысы талқыланды

Сурет: Алматы әкімдігі
Сурет: Алматы әкімдігі
Ерболат Досаев Абай даңғылы, Төле би және Жұбанов көшелеріндегі құрылыстардың қарқыны жайлы айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде Абай даңғылы, Төле би және Жұбанов көшелерін жөндеу жұмысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, Абай даңғылының Строительная көшесінен қала шекарасына дейінгі ұзындығы 600 метрді аймақты тесу бойынша, қазір жобалық-сметалық құжаттамалар реттеліп жатыр. Жыл соңына дейін мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жоспарлануда.  Жол қозғалысы 2024 жылдың қыркүйегінде ашылады деп жоспарланған.

-Төле би көшесін кесу аясында Алатау даңғылы мен Алтын Орда көшесі (бұрынғы Карерная көшесі) арасындағы ұзындығы 700 метр жолдың құрылысы басталды. Биыл желтоқсанға дейін аяқталады, - деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев. 

Сонымен қатар қала басшысы Жұбанов көшесін Момышұлынан қала шекарасына дейін ұзартуға мердігерді анықтау үшін конкурс рәсімдері өтіп жатқанын айтты. Жер сатып алу жұмыстары заңдастырған бойда жұмыс басталады.

Оқи отырыңыз: Мегополисте жыл соңына дейін 130 көше жөнделеді

Новости партнеров