|
01.05.2020 | 12:02
10378

Қазақстан күрдтер қауымдастығының вице-президенті: Ел бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетті

Вакиль Набиев қазақстандықтарды мереке күнімен құттықтай отырып, Елбасыға алғысын білдірді

Қазақстан күрдтер қауымдастығының вице-президенті: Ел бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетті

Қазақстандағы «Барбанг» күрдтер қауымдастығының вице-президенті, Қауымдастықтың Алматы филиалының жетекшісі, Nur Otan партиясының мүшесі, PhD докторанты, ҚХА мүшесі Вакиль НАБИЕВ қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтай отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор алғысын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Бұл мереке достық, түсіністік пен келісімнің символына айналды. Біздің ортақ игілігіміз бен символымыз «Әралуандықтағы бірлік» формуласында көрсетілген этностар арасындағы келісім болып табылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі бейбітшілік пен келісімді дамытуға, сақтауға және нығайтуға өз үлесін қосуды көздейді. Биыл біздің республикамыздағы бірегей институтқа 25 жыл толып отыр», - деп атап өтті Вакиль НАБИЕВ.

Қазақстан күрдтер қауымдастығының Вице-президенті сондай-ақ, карантин кезінде балалар үйінің 20 түлегіне азық-түлік себеті түрінде көмек көрсетілгенін, бүгінде аталмыш ұйымның 100-ден астам түлекті қамтып отырғанына тоқталды.

«Қауымдастық Қазақстанның балалар үйінің барлық мұқтаж түлектеріне белсенді көмек көрсетуін жалғастыруда. Бүгінгідей қиын кезеңде ел үшін жеке жауапкершілікпен қатар әлеуметтік ынтымақтастық маңызды», - деді ол.

Алматы және Алматы облысында «Бәріміз біргеміз» 500-ден астам азық-түлік пакеттері әлеуметтік жағынан осал азаматтарға жеткізілді. Мұндай көмекті алушылар санатына жалғыз басты қарт адамдар, аз қамтылған көп балалы отбасылар, ерекше қамқорлықты қажет ететін жандар кіреді. Мұқтаж жандарға көмектесу үшін еріктілердің мобильді бригадалары құрылды. Олар атаулы көмекті таратуды қамтамасыз етті.

«Коронавирус індетімен күресу – азаматтардың пандемияға қарсы тұрудағы бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Сондықтан ел игілігі үшін жасалып жатқан қайырымдылық акциясы ТЖ барлық кезеңінде жалғасады. Біз қазақстандықтарға шыдамдылық, сабыр, денсаулық және бақыт тілейміз. Әрбір этнос өзінің мәдениеті, өзіндік ерекшелігімен ерек. Әрбір этнос өкілінің тілі бөлек болғанымен, тілегі бір, түрі бөлек болғанымен – жүрегі бір. Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!», - деді Қазақстан балалар үйі түлектерінің қауымдастығы» ЗТБ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Вакиль Набиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир