|
30.04.2019 | 12:53
3640

Көпірдің үстіне плакат ілген алматылық азамат қамаудан босап шықты

Р.Захаровтың жазасы 5 АЕК - 12 625 теңге айыппұлмен алмастырылды

Көпірдің үстіне плакат ілген алматылық азамат қамаудан босап шықты

Әл-Фараби даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер көпіріне ҚР Конституциясынан цитата ілгені үшін 5 күнге қамауға алынған Роман Захаровтың жазасын аппеляциялық инстанция айыппұлмен алмастырды деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Cоттың хабарлауынша, кеше, 29 сәуірде Алматы қалалық сотында аппеляциялық тыңдалым өтті. Судья бес күнге қамауға алынған Роман Захаровтың жазасын 5 АЕК айыппұлмен алмастырды, яғни бүгінгі күні 12 625 теңгені құрайды.

Медеу ауданы прокурорының өтініші бойынша әкімшілік соттың қаулысы өзгертілгені хабарланды.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске сала кетсек, кеше әлеуметтік желіде алматылық Роман Захаров Әл-Фараби даңғылының бойында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық» деген плакат ілгені үшін ұсталғаны тарап кетті.

Кейінірек жас жігіттің бес күнге қамауға алынғаны айтылды.

Сотта белсендінің қоқыс тастағаны үшін, «Кішігірім бұзақылық» бабы бойынша қамалғаны хабарланды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир