|
23.05.2019 | 11:32
2347

«Тұрғындарға бейәдеп сөздер айтқан»: Ақмола облысында әкім жылап тұрып кешірім сұрады

Облыстық кеңес Есіл ауданының әкіміне Рахманованы қызметінен қуу туралы ұсыныс жасады

«Тұрғындарға бейәдеп сөздер айтқан»: Ақмола облысында әкім жылап тұрып кешірім сұрады

Ақмола облыстық Әдеп кеңесінде аузына ие болмаған әкімдердің тәртібі қаралды. Әкімдік қызметті атқарып жүрген Интернациональная ауылдық округінің әкімі Шәрбәт Рахманова мен Ақан Құрманов атындағы ауылдық округтің әкімі Алтынай Біләлова тұрғындарға бейәдеп сөздер айтып, сес көрсеткен, деп жазады Stan.kz.


Әдепсіздік көрсеткен әкім ханымдар осылайша, ауыл тұрғындарын балағаттағаймын деп, бастары бәлеге қалды.

Бейәдеп қылығы үшін Әдеп кеңесіне шақырылған әкімнің бірі Интернациональная ауылдық округінің әкімі міндетін атқарып жүрген Шәрбәт Рахманова. Ол ауыл тұрғындарына телефон арқылы аузына келгеннің бәрін айтып, сес көрсеткен. Бүгінде Әдеп кеңесінде тұрғындарға көрсеткен әрекеті үшін жауап берген әкім алғашында өзіне шағымданған адамды кінәлай бастады. Бірақ, әкімнен бейәдеп сөз естіген Валерий Рабченюк Рахмановамен телефон арқылы сөйлескен сөздердің бәрін таспаға басып алған екен. Кейіннен, әкім әдепсіздігі үшін жылап тұрып кешірім сұрады. Бірақ, ол қанша кешірім сұрағанымен, облыстық кеңес Разманованың бұл қылығын кешірмеді.

Сөйтіп, облыстық кеңес Есіл ауданының әкіміне Рахманованы қызметінен қуу туралы ұсыныс жасады.

Тұрғындарды ренжітіп, әдепсіздігін көрсеткен әкімдердің тағы бірі Алтынай Біләлова.

Ол Ақан Құрманов атындағы ауылдық округтің әкімі. Тәртібі Әдеп кеңесінде қаралған Біләлова ауыл тұрғындарына есеп беру кезінде көрсеткен қылығы үшін шақырылған. Әкім ханым есеп беру кезінде тұрғындарға «Аузыңды жап!» деп айқайлаған екен. Ал әкімнің бұл сөзі тұрғындарға қатты тиіп кеткен. Содан кейін әкімге деген ренішін жеткізгісі келген 80 адам оның үстінен шағымданған. Бірақ, тұрғындарға «аузыңды жап» деген Алтынай Біләлова әріптесі Рахманова секілді қызметінен қуылған жоқ. Ол сөгіс алып құтылып кетті.

«Аудан әкімдеріне сауал жолдаймыз. Олар қалайша бұл, әкімдерді қызметке тағайындайды. Олар, елдің жағдайын көтере ме десек, тұрғындардың шырқын бұзып жүр ғой. Кім, қандай талаптармен қояды ауыл әкімін сонда? Мынау масқара ғой!»,- дейді Ақмола облыстық аумақтық әдеп кеңесінің мүшесі Әлібек Баймағанбетов.

.





Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир