|
26.02.2019 | 11:34
3039

Полицияға пара ретінде телефонын ұсынған ер адам істі болды

Ер адам әкімшілік жауапкершіліктен құтылуы үшін полиция қызметкеріне ұялы телефонын ұсынған

Полицияға пара ретінде телефонын ұсынған ер адам істі болды alau.kz

Көкшетауда полиция қызметкеріне пара ретінде ұялы телефонын ұсынған ер адам істі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, оқиға 24 ақпанда орын алған. Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне ішімдік ішіп алған ер адамның көшеде жүргені және қоғамдық тәртіпті бұзғаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ер адамды полиция пунктіне жеткізген. Ер адам әкімшілік жауапкершіліктен құтылуы үшін полиция қызметкеріне ұялы телефонын ұсынған.

Осы кезде полиция қызметкері парадан бас тартып, ер адамға қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтып ескертеді. Алайда, ер адам дегенінен қайтпаған.

«Қазіргі кезде, заңбұзушының үстінен ҚР ӘҚбК  440 бабы (қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу және мас күйінде болу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, сондай - ақ, ҚР ҚК 367-бабының 1-бөлігі бойынша (пара беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир