Қаңтар оқиғасына қатысқан 72 адам сотталды - Марат Ахметжанов

ашық дереккөзі
ашық дереккөзі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қаңтар оқиғасына қатысқан 72 адам сотталғаны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазіргі таңда полиция 2 919 қылмыстық істі тергеп жатыр. 1 мыңнан астам күдікті қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Мемлекет басшысы жазаны жеңілдететін жағдайларды ескеруді тапсырды. Сондықтан осы 400-ден аса күдіктінің ішінен 219-ы қамаудан босатылды. Ал ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 184 күдікті қамауда отыр», - деді министр.

Марат Ахметжановтың айтуынша, тергеу барысында 12 мыңнан астам адамнан жауап алынған.

«Бүгінгі таңда 229 айыпталушыға қатысты іс сотқа жолданды. Қазірдің өзінде 72 адам сотталды. Оның бесеуі бас бостандығынан айырылды», - деді ол.

Новости партнеров