ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш тергеу орбитасында

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш тергеу орбитасында. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Самат Әбіш те тергеу орбитасында. Ол куәлік береді, оның мәртебесін білмеймін. Ол Қазақстанда. Мен оны өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу жүріп жатыр, ол осында болуы тиіс", - Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов.

Ол тергеу жалғасып жатқанын және оның анық-қанығы жарияланбайтынын айтты.

"Білесіздер, (қазір тергеуде - еск.) бұрынғы төраға, оның үш орынбасары және тағы төрт аумақтық департамент басшысы - Қызылорда және Алматы обылыстары, Алматы бойынша және төртіншісі - бесінші департаменттің бұрынғы басшысы", - деп түсіндірді Әмірханов.

Оның айтуынша, басшыларға қатысты тергеу ҰҚК-ның бұрынғы басшысы мен оның орынбасарларына "Әрекетсіздік" және "Немқұрайлылық" баптары бойынша іс жүргізіліп жатыр.

Новости партнеров