Шымкентте букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкентте букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалды. Бетіне бетперде киіп, қаруланған күдікті кеңседегі ақшаны тонамақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық ПД мәліметінше, букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті көп ұзамай қолға түкен.
«Қарақшылық шабуыл кезінде кассир дабыл нүктесін басып үлгерген. Дабыл қаққыштың дыбысынан қорқып, күдікті қылмыс орнынан қашып кеткен. Жедел-тергеу тобы оның жеке басын анықтап, ұстады. Қамауға алынған адам Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 192-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41