|
18.08.2020 | 11:45
1204

Қазақстандықтар балықты аз тұтынады – министр

Қазақстанда бұл көрсеткіш бойынша адам басына 4 келіден келеді

Қазақстандықтар балықты аз тұтынады – министр  Фото: ашық дереккөзден

Онлайн өткен Үкімет отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев елдегі балық шаруашылығы туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Біздің еліміз айтарлықтай қуатты балық шаруашылығына ие. Бұл бағытта экспорттық әлеует жоғары. Еліміздің балық өнімдері нарығының жалпы көлемі 2019 жылы шамамен 66 мың тоннаны құрады. Балық аулау 45 мың тонна, балық өсіру 7,5 мың тонна, экспорт 30 мың тонна, импорт 40,5 мың тонна. Қазақстан жыл сайын жақын және алыс шетелдің 36 еліне 60 млн доллардың 30 мың тонна балық өнімін экспорттайды», – деді Мырзағалаиев.

Министр атап өткендей, көксерке филесі Еуропалық одақ елдерінде қазақстандық бренд болып табылады.

«Қазақстан балықты аз тұтынады. ДДСҰ адам басына шаққанда жылына 16 келіден кем емес балықты тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш бойынша адам басына 4 келіден келеді. Өз кезегінде Ресейде адам басына 23 келі, Қытайда 45 келі балық тұтынылады. Осылайша, шекара маңындағы аудандарды ескергенде балық өнімдерінің экспорттық әлеуеті 3 млн тоннадан асып түсуі мүмкін», – деді ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир