|
Қоғам
19.08.2019 | 14:08

Алматыда үздік ұстаздарға пәтер берілуі мүмкін

Бақытжан Сағынтаев 2020 жылдан бастап мегаполистегі үздік мұғалімдерге арнайы грант берілетінін айтты

Алматыда үздік ұстаздарға пәтер берілуі мүмкін

Алматыда жас мұғалімдерге гранттар берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, мен педагогикалық университеті бітіріп еңбек жолын Алматыдағы мемлекеттік мектептерде бастаған барлық жас мамандарға жыл сайынғы біржолғы материалдық көмек беру туралы шешім қабылдадым. Биыл 700-ге жуық жас мұғалім бюджет қаражаты есебінен 20 АЕК көлемінде грант алады. Бұл аз ғана көмек, бірақ бұл қадам біздің педагогикалық қауымдастықтың қолдауының нышанына айналатынына сенімдімін», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев білім беру қызметкерлерінің форумында.

«Екіншіден, біз жылына бір рет үздік білім беру ұйымын 800 айлық жалақыдан тұратын ақшалай сыйлықпен марапаттау дәстүрін жалғастырамыз. Бүгін жеңімпаз 24 миллион теңге көлемінде сыйлық алады. Сондай-ақ, қаланың үздік оқытушылар құрамы жыл сайынғы ақшалай сыйлыққа ие болады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Үшіншіден, 2020 жылдан бастап Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі үздік мұғалімдерге жұмыс нәтижелері мен білім беру сапасының көрсеткіштерін көрсететін Алматы әкімінің арнайы гранттарын бере бастамақ.

«Сіздер өздеріңіз марапатқа шын лайық ұстаздарды анықтауға атсалысуларыңыз керек», - деді Алматы қаласының әкімі.

Сонымен қатар, қалада ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырылуда.

«Біз қаланың үздік ұстаздардың, оқу тәжірибесі туралы айтатын боламыз. Бұл мұғалім кәсібінің беделін арттырады және қоғам үшін білім беру жүйесінің дұрыс векторларды орнатады. Соңында, мен жыл сайынғы «Үздік ұстаз» қалалық байқауын жариялаймын, оның нәтижелерін біз ұстаздар күні қарсаңында 2020 жылдан бастап қорытындылаймыз», - деді әкім.

Жеңімпаздар - пәтер, автокөлік және басқа да құнды заттармен марапатталады.