Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстау шарасы басталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бүгін үздік 30 жобаға 3 млн теңгеден табысталмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстауға арналған салтанатты іс-шара басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленді. Грант ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Ғылым», «Мәдениет», «Бизнес», «Ақпараттық технологиялар», «Медиа» бағыттары бойынша беріледі. 

Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталғанда 14-29 жас аралығындағы жастар грант алуға үміткер бола алады. Бүгін үздік 30 жобаға 3 млн теңгеден табысталмақ. 

Гранттар ҚР азаматтарына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін жоғарыда аталған бағыттар бойынша конкурстық негізде: 

«Ғылым»  ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыру; 

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру; 

«Ақпараттық технологиялар» жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде бастаушы стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу; 

«Бизнес» экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру; 

«Медиа» жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контентті құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін беріледі.

Новости партнеров