Арыстағы апаттан кейін оқ дәрілерді сақтау турасында кешенді жоспар құрылды

Арыстағы апаттан кейін оқ дәрілерді сақтау турасында кешенді жоспар құрылды
Ондай нысандар енді елдімекен мен қоймалардан қауіпсіз қашықтықта болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Арыстағы апаттан кейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері оқ-дәрілер мен сақтау нысанарын жүзеге асыратын бағдарлама мен кешенді жоспар құрды. Олар енді қолданыстағы оқ-дәрілерді сақтау нысандарын шет елдердің тәжірибесіне сүйене отырып салуды көздейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ондай нысандар шекарадан, елдімекендер мен басқа да аумақтардан, сондай-ақ қоймалардан қауіпсіз қашықтықта болады. Ол туралы Парламент Мәжілісінің депутаттары Ақтау гарнизонының бірқатар әскери нысандарын аралау барысында айтылды. Сонымен қатар Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысында әскери нысандардың инфрақұрылымын жетілдіру, Арыс қаласында төтенше жағдайларды жою мен қалған оқ-дәрілерді орналастыру жұмыстары туралы сөз болды.

Новости партнеров