Алматы әкімдігі әлеуметтік желілерде таратылып жатқан митингке шақыруға қатысты хабарламаның заңсыз екенін ескертеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы бүгінгі күнге дейінгі жағдай бойынша қала әкімдігіне бейбіт митингтер мен жиналыстар өткізу жөнінде хабарлама берілмегені жөнінде ескертеді. Осыған орай, әлеуметтік желілерде таратылып жатқан митингке шақыру заңсыз саналады», - делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бүгін қабылданған заң бойынша қалалық әкімдікке шара өтетін күнге дейін 5 күн бұрын хабарлама берілуі керек. Сондай-ақ, бейбіт жиналыстарды өткізуге тек мамандандырылған арнайы жерлерде ғана рұқсат етіледі.
Осыған байланысты әкімдік митингті ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Айта кетейік, қазір қалада бірнеше көше жабылды.