Алматыда өрт шыққан ғимаратта қалған ер адамды кран жүргізушісі құтқарды

стоп-кадр
стоп-кадр
3 маусымда болған оқиғаға газ баллонының жарылуы себеп болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда салынып бітпеген мектептің жанып жатқан ғимаратының төбесінде қалып қойған ер адамды құтқару сәті видеоға түсірілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Видео Instagram-дағы @kris_p_brothers_official парақшасында жарияланды. Кадрларда жанып жатқан салынып бітпеген мектеп ғимараты мен одан шығып жатқан қара түтін көрінеді. Шатырда адам бар екенін аңғаруға болады. Оны құтқарудың жалғыз жолы – құрылыс кранының көмегімен түсу болған», - делінген хабарламада.

Қауіп алаңында қалып қойған адамға түсуге кран жүргізушісі көмектеседі. 

«Қатты жанып жатыр», - дейді кадр сыртындағы адам.

ТЖД баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

Еске салайық, өрт 3 маусымда болған. Газ баллоны жарылғаны анықталды.

Новости партнеров