Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Алматылықтар жәрмеңкеден 47 тонна ет, 14 тонна сүт, 86 тонна жеміс-көкөніс және 4 тонна балық сатып ала алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Астана алаңында осы сенбі, 5 қазан күні ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Онда Алматы облысының кәсіпкерлері 50-ден астам түрлі өнімдерді арзан бағамен сатады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
17 аудан мен 3 қаланың тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесінде алматылықтар 47 тонна ет, 14 тонна сүт, 86 тонна жеміс-көкөніс және 4 тонна балық өнімдері сатып ала алады. Өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаланбақ.
Айта кетерлігі, жәрмеңкеде жалпы сомасы 111 миллион теңгеден асатын 180 тонна ауыл шаруашылық өнімі ұсынылады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10