Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері өзгерді

inform.kz
inform.kz
2020 жылғы 1 шілдеден бастап көпбалалы отбасылар мөлшері өзгертілген жәрдемақыны ала бастайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан бері Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған жеке жәрдемақыны 400 мыңға жуық отбасы алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған жеке жәрдемақы енгізілді. Аталмыш жәрдемақы – 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасыларға арналған. Мемлекеттен берілетін көмектің мөлшері бала санына байланысты. Мәселен, 4 және 7 баласы бар отбасылар 44 448 теңгеден 77 784 теңгеге дейін ала алады. Бұл жәрдемақы елімізде 392 мың отбасына төленді.

Алайда, қолданыстағы ережелер жәрдемақы алушылардың белгілі бір санатының мүдделеріне нұқсан келтірді. Себебі 16 баласы бар отбасы 7 баласы бар отбасы сияқты жердемақы мөлшерін алатын.

«Аталмыш олқылықты жою үшін Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 13 мамырында 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға арнайы жәрдемақы мөлшерін белгілеген заңға қол қойды. Сонымен, 8 балалы отбасы үшін жәрдемақы – 88 896 теңге, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 балаға – 111 120 теңге, 11 балаға – 122 232 теңге, 12 балаға – 133 344 теңге, 13 балаға – 144 456 теңге, 14 балаға – 155 568 теңге, 15 балаға – 166 680 теңге, 16 балаға – 177 792 теңге мөлшерінде белгіленген».

Бүгінде ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің шемімімен жәрдемақы мөлшерін ұлғайту бойынша 1092 істі бекітті. Бала санының өзгеруіне байланысты, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім нысанының күндізгі бөлімінде оқитын (23 жасқа дейін) балаларды есепке ала отыра жәрдемақы мөлшері қайта есептеледі.

2020 жылғы 1 шілдеден бастап көпбалалы отбасылар мөлшері өзгертілген жәрдемақыны ала бастайды.

Новости партнеров