|
11.03.2019 | 11:59
2754

Мәскеудегі маугли-қыз табылған пәтердің видеосы жарияланды

Мәскеудегі маугли-қыз табылған пәтердің видеосы жарияланды

Ресей Федерациясының Тергеу комитеті мәскеулік бір пәтердің видеосын жариялады, мұнда кішкентай қыз жалғыз өзі тұрған, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Видеода кішкентай қыз жалғыз тұрған пәтердің іші қоқысқа толғанын, жуылмаған ыдыстар, бұзылған техника мен жиһаздарды көруге болады. Балкон есігін қоқыстар жауып тастаған, ал терезе көптен бері жуылмаған.

Бұған дейін мәскеулік ІІМ бас басқармасының баспасөз қызметі көршілердің шағымынан соң пәтердің есігін милицияның бұзып ашқанын хабарлаған еді. Көршілері әлдебір бүлдіршіннің күні-түні жылағанын айтып шағымданыпты. Пәтерден бір қыз табылды, ол қазір медициналық мекемеде. Бүлдіршін әбден арықтап, анорексияға шалдыққан, терісіне алқасы жабысып өсіп кеткен.

Тергеушілердің мәліметі бойынша, қыз баланың әлеуметтік дағдылары жоқ екені байқалады: кей БАҚ өкілдері оны Маугли атап кеткен.

Зардап шеккен қыздың анасы ұсталды, тергеушілер қазір одан жауап алып жатыр. Оған қатысты «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша іс қозғалды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир